Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлағысы келді": Алматы облысында таксист жолаушы әйелді тонап кеткен

Опубликовано:

Алматы облысында өзінің жолаушысын тонады деген күдікке ілінген 27 жастағы таксист ұсталды. Оның қармағына әйел адам ілінген деп хабарлайды аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pexels.com
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

3 маусым күні 25 жастағы Қызылжар ауылының тұрғыны Еңбекшіқазақ ауданы полициясына шағымданған.

Онда әйел адам белгісіз таксист тонап және зорлауға әрекеттенгені жазылған.

Жолаушы көліктің түсі мен маркасын жобалап көрсетіпті.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары бірнеше сағаттың ішінде күдіктіні қолға түсірді.

Ол 27 жастағы Ащысай ауылының тұрғыны болып шықты.

Таксистті аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті жолаушының ұялы телефоны мен 92 мың теңгесін ұрлаған.

Одан бөлек, оның осы жылдың мамыр айында Есік қаласында жас қызды тонағаны да белгілі болыпты.

Полиция екі жағдайда да күдікті әйел адамдарды зорлауға ұмтылғанын, зергерлік бұйымдары, телефондары және ақшасын алып қойғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның бұдан басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1797935-zorlagysy-keldi-almaty-oblysynda-taksist-zolausy-jeldi-tonap-ketken/

pixel