RU
Тоқаев Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Рассказать Вконтакте

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.  

Тоқаев Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Фото: syr-media.kz

Мемлекет басшысының жарлықтарымен үш елдегі Қазақстан елшілері ауысты.

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов - Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов - Қазақстан Республикасының Германия федеративтік республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;

Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов - Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ президент бірнеше дипломатты қызметкерді қызметінен босатты.

Нақтырақ айтқанда, Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан;

Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен;

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сіздің реакцияңыз
0
4
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel