RU
Қазақстанда алғаш рет шапалақтан турнир өтпекші
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда алғаш рет шапалақтан турнир өтпекші

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда алғаш рет шапалақ беруден арнайы турнир өтпек. Ерекше жарыс түрін Петропавл тұрғындары ойлап тапқан деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Шапалақ додасы сегізінші маусым күні өтетін болады.

"Біз мұндай жарыстарды өткізу үшін арнайы ережелерді ойлап тауып, әлеуметтік желілерде группалар аштық. Егер бәрі сәтті өтсе, бұл шараны ләззат қана емес, табыс та әкелетін іскерлік кәсіпке айналдырмақ ойымыз бар" , - дейді ұйымдастырушылардың бірі.

Анықталғандай, турнирге 18 жастан асқан адамдар ғана қатыса алады. Оған қоса, шапалақ алақанмен емес, саусақтармен жасалатын болады.

"Жекпе-жек бес раундтан тұрады. Олардың нәтижесінде жеңімпаз анықталады. Сонымен қатар, қарсыластардың бірі жеңілгенін мойындап, жекпе-жекті уақытынан бұрын тоқтатуына болады" , - деді Сергей Швец.

Шапалақ турнирінде медицина қызметкері болады.

Шапалақ турнирі әлем бойынша көптеген елдерде өткізіліп келеді. Ол таңғаларлық жағдай емес.

Мәселен, осы жылдың мамыр айында аталмыш дода Красноярск қаласында өткен болатын. Кейбір соққылар қарсыластарды нокаутқа да жіберген.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel