RU
Елімізде 1 шілдеден бастап батуттар қатаң бақылауға алынады

Елімізде 1 шілдеден бастап батуттар қатаң бақылауға алынады

Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер ведомстводағы брифингте елде 1 шілдеден бастап батуттар толық бақылауға алынатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: airmir.su

Көрнекі фото: airmir.su

"Олар бақылауға алынады (1 шілдеден бастап-ред). Негізінен, мұның барлығы бар, ештеңе жоқ деуге болмайды. Барлығы нұсқаулықта жазылған.
Сіз, мысалы электрлік құрал алсаңыз, қораптың ішінде қалай пайдалану қажеттігін көрсететін нұсқаулық болады ғой. Мұнда да солай. Батуттарға!", - деді Беккер.

Оның айтуынша, бұл жерде сертификаттың болуы немесе болмауы мәселесі туындайды.

"Бізде батуттар ресейлік, белоруссиялық және басқа жақтарда жасалған. Бірақ, ол жасалса, сертификаты болу керек және қауіпсіздік талаптарына жауап беруі қажет. Ал қарағандылық батут иесінде сертификат болған-болмағаны туралы айтуға әлі дайын емеспін. Мұны тергеу жұмысы анықтайды.
Мен бізде барлығы қарсыласу жолында келе жатқанын жоққа шығармаймын. Бір-бірлерінен сатып алады. Сондықтан, аталған батуттың құжаты жоқ шығар", - деп түсіндірді ол.

ТЖК басшысының бағалауы бойынша, тағы бір мәселе өндірушілер батут сатып алудың тек пайдасы туралы ғана айтады. Ал оны эксплуатациялағанда қандай ережелер сақталу керегін түсіндіретіндер жоқтың қасы.

"Youtube желісіне кіріп, "батуттар" деп жазсаңыздар, көптеген ұсыныстар шығады. Оның ішінде өз өнімдерін жарнамалайтын коммерциялық тұрғыдағы ұсыныстар көп. Мен мұндай видеоларды көп көрдім. Өндіруші 500 мың тұрады деп айтып жатыр. Билет қанша тұру керек деп "математиканы" қосуда.
Шын мәнінде, техникалық талаптарды қоспағанда, бекіту, пайдалану ережелері болуы керек. Батутқа байланысты балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Яғни топтармен болуы керек.
3 жастағы және 15 жастағы балаларға бір батутта секіруге болмайды. Салмақ бойынша да шектеулер қойылу керек. Қоршаулар, аймақ туралы бәрі жазылған. Оның барлығы бар",- деді спикер.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel