Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда бір жарым жасар сәби ваннада тұншығып көз жұмды

Опубликовано:

Қарағандыда 1 жыл 5 айлық қыз бала ваннаға шомылдыру кезінде тұншығып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі pixabay.com
Көрнекі pixabay.com: UGC

Қайғылы жағдай таңғы 11-де орын алды. Сәбидің ата-анасы баланы қараусыз тастап, ваннадан шығып кеткен.

Нәтижесінде нәресте тұншығып қалыпты.

Полиция департаменті кішкентай қыздың қазасын растады.

Ведомство оқиға орнында 30 жастағы әкесі болғанын айтты.

"Бұл іс Қылмыстық кодекстің 141 бабы 2 тармағы бойынша "Баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамау" бойынша қаралады", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ІІБ-нің баспасөз қызметі.

Сараптама тағайындалды. Нәресте өлімінің барлық жағдайлары зерттелуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1798304-karagandyda-bir-zarym-zasar-sbi-vannada-tnsygyp-kz-zmdy/

pixel