RU
25 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады
Жаңалықтар Қоғам

25 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Отырар ауданында мектепті бітіргендеріне 25 жыл толған түлектер көпбалалы отбасыға баспананың кілтін табыстады деп хабарлайды сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жергілікті кәсіпкер Бауыржан Қаныбеков пен "Темір" жалпы орта мектебін 1994 жылы бітірген түлектер бірлесе отырып, Мүсіреповтер жанұясына бес бөлмелі пәтер сыйлады.

Бүкіл ауылды сүйсіндірген игі шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Қазақ халқы "Қайырымдылық - қайырлы іс" деп бекер айтпаса керек! Қасиетті Рамазан айында ниет білдіріп, Ораза айттың үшінші күнінде жаны жомарт ауыл азаматтары көпбалалы отбасының шаңырағына шуақ шашып, жүректерінің жылулығын бүлдіршіндерге сездіре білді.
Қиын сәтте қол ұшын созып көрсеткен көмек ешқашанда ұмытылмайды. Әзімхандай ағамыздың ұлы, асылдың көзі Бауыржан жыл сайын мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетіп келеді. 
Бүгінгі қуанышты сәтпен баршаңызды құттықтай отырып, дердеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін,"- деді Қуаныш иелеріне ізгі тілегін білдірген аудан басшысы.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Аудан әкімі көпбалалы отбасына тоңазытқыш, кір жуатын машина, үйге қажетті жиһаздар тарту етті.

Қайырымдылық шарасында сөз алған 1994 жылғы бітірген түлектер атынан Сұлтан Баймаханов Мүсіреповтердің отбасына баспана кілтін салтанатты түрде табыстаса, ардагер ұстаз, ауылдың батагөй қариясы Айтуар Төлегенов баспана иелерін шын жүректен құттықтап, ақ батасын берді.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel