RU
"Аяғымнан ұстайды": Құрбысының күйеуіне шамданған бойжеткен мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Аяғымнан ұстайды": Құрбысының күйеуіне шамданған бойжеткен мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Жан құрбысының күйеуі өзінің артынан қалмай жүргенін айтқан ақтаулық бойжеткен жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, ер азамат оған шектен тыс көңіл білдіріп жүр екен. Алайда бұл мәселені құрбысына айта алмай жүрген ару әбден тығырыққа тірелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: nypost.com

Фото: nypost.com

Ақтаулық бойжеткеннің айтуынша, құрбысы екі жыл жүрген жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда осы уақыт аралығында күйеуін мүлде тани алмаған сыңайлы.

"Жадыра күйеуімен екі жыл жүріп, тек биыл отау құрды. Үйленгендеріне аз уақыт болса да, күйеуі жүріс жасағанды ұнататаны секілді. Қыздарды көргенде көздерінің жайнап кететінін көрдім. Мен құрбыма барған сайын айналамыздан шықпайды. Не айтып, не қойғанымызды білгісі келеді. Ал соңғы күндері менімен өзінше қалжыңдауды шығарыпты",- дейді кейіпкер.

Бойжеткеннің сөзінше, жан құрбысының күйеуі оның аяғынан ұстап, жақындауға тырысады екен. Ер адамның мұндай әрекеттерін түсіне алмай жүрген ару жұрттан кеңес сұрады.

"Анау бір күні Жадыраның үйінде отырғанымда күйеуі үстелдің астынан аяғымды ұстады. Көзім шаранамнан шығып кете жаздады. Маған қылжақтай қарады. Құрбыма айта алмайтынымды білгендей-ақ. Мен үндемеген сайын басынып барады. Бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған еді. Не істесем болады? Мен түймедейді түйедей қылып отырмын ба? Әлде оның жұбайы шынымен де қызқұмар ма?", - деді ағынан жарылған бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
16
2
6
2
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel