RU
Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді (фото)

Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының 103 жастағы ең үлкен тұрғыны Жәкібай Бисенғалиева таң ата салысымен сайлау учаскесіне келді. Ол локомотив депосындағы #26 сайлау учаскесіне тіркелген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келд

Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ

Қария жарты сағат бұрын ерте келіп, дауыс беру үшін кезекке тұрғандардың бірі болды.

"Неге мен сайлауға келмеймін?!​ Шүкір, денім сау, аяғымды басып жүрмін. Қазақстанымыз тыныш, еліміз аман болсын. Ертең ел басқаратын баламыз да жайлы болуын тілейміз. Бүгін бәрінен бұрын дауыс берейін деп ерте келдім", - дейді Жәкібай Бисенғалиева.
Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жәкібай әженің үш баласы бар. Бүгінде 3 шөбересінің қолынан су ішіп отыр. ​

Хромтау​ ауданындағы Қызылсу ауылында 1915 жылы дүниеге келген қария ​ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауылында өткен барлық оқиғаларға куә болып, ​аштық,​ азамат соғысы, колхоздастыру кезеңінің қиыншылықтарын көзімен көрген.

Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қария 3 мыңға жуық сайлаушысы бар учаскеде дауыс берді.

Ақтөбе облысында 500-ден аса сайлау учаскесі бар, оның 150-і облыс орталығында.

Ақтөбеде ғасыр жасаған әже​ таң атысымен сайлау учаскесін өзі іздеп келді

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel