Ғабидолла Әбдіраxымов: Өз таңдауымды жасау үшін ерте тұрдым
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов таң атысымен әріптестерімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді деп xабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Береке Сейітжаппар
Бүгін Шымкент қаласында 260 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қала басшысы Ғабидолла Әбдіраxымов Пушкин атындағы N1 мектеп-гимназиясындағы N92 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Бұл сайлау учаскесінде 2504 сайлаушы тіркелген.

Фото: NUR.KZ
"Бүгін - мемлекетіміздің болашағын айқындайтын саяси маңызды күн. Қала тұрғындарын өз таңдауын жасауға шақырамын. Өзім алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасау үшін ерте тұрып, сайлау учаскеме келдім",- деді Шымкент әкімі.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Тағы да оқыңыздар