RU
Ақтөбеде сайлауға таңғы төртте барған 78 жастағы әжей сыйлықпен қайтты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде сайлауға таңғы төртте барған 78 жастағы әжей сыйлықпен қайтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 78 жастағы әжей сайлауға таңғы төртте барған. Дауыс беруге бірінші болып келген қарияға сыйлық ретінде сусабын тарту еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өмір бойы қарапайым жұмысшы болып қызмет еткен бес баланың анасы сайлауға таңғы төртте барған.

Қабира Құрманова дауыс беруге неліктен тым ерте барғанын өзі түсіндіріп берді.

"Мен сайлау таңғы алтыда басталады деп ойлап қалдым. Сол үшін ертерек барып, таза ауамен дамалдым. Сайлауға үнемі барамын. Және әрдайым ертерек баруға тырысамын.
Өмірден өзгеріс күтемін. Негізі елімізде бәрі көңілімнен шығады. Кейбір жерде жетпей жатады, басқалардікіндей. Жалпы бәрі дұрыс" , - деді әжей.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Зейнеткер таяқпен жүретініне қарамастан, сайлауға өзі барған. Оның сөзінше, көшедегілер оған жолдан өтуге көмектескен.

Ақтөбеде сайлау бөлімшелеріне бірінші болып дауыс бегендердің қатарында зейнеткерлер көп.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
16
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel