Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнольд Шварценеггердің қызы голливудтық актерге тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Әлемдік киножұлдыз және саясаткер Арнольд Шварценеггердің үлкен қызы Кэтрин Юнис Шварценеггер голливудтық актер Крис Праттқа тұрмысқа шықты. People басылымының ақпараты бойынша, неке қию рәсімі 8 маусым күні Калифорниядағы жекеменшік ранчода өткен. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Reuters / Mario Anzuoni
Фото: Reuters / Mario Anzuoni: Twitter

Тойға жұбайлардың жақын достары мен туыстары, соның ішінде 29 жастағы қалыңдықтың ажырасқан ата-анасы- Арнольд Шварценеггер мен Мария Шрайвер келген. 39 жастағы күйеу жігіт тарапынан бірінші некеден туған алты жасар Джек есімді ұлы болған.

Пратт 2017 жылдың тамыз айында актриса Анна Фариспен ажырасып кетсе, жазушы Кэтрин алғаш рет тұрмысқа шығып отыр.

Алдын ала қабылданған қауіпсіздік шараларына қарамастан, журналистер тойдан бірнеше сурет түсіріп алған. Жастар Кэтриннің анасының арқасында 2018 жылдың жазынан бастап кездесе бастаған. Ал 2019 жылдың қаңтар айында олар бір-бірімен атастырылып қойды.

Айта кетейік, Крисс Пратт көпшілікке "Галактика күзетшілері", "Кек алушылар: Шексіздік соғысы", "Жолаушылар" фильмі арқылы таныс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1798646-arnold-svarceneggerdi-kyzy-gollivudtyk-akterge-trmyska-sykty/

pixel