RU
Алдағы күндері елімізде 38 градусқа дейін күн ысиды
Жаңалықтар Қоғам

Алдағы күндері елімізде 38 градусқа дейін күн ысиды

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш тәулікте жаңбыр жауып, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді деп хабарлайды РМК "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар 11-13 маусымда республиканың кейбір аймағында жаңбырлы ауа райы күтілетінін атап өтті.

"Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлерде тоқтаусыз жауған жауын, биіктіктегі барикалық жырамен байланысты, сол арқылы Баренц теңізі мен Солтүстік Оралдан тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде", - дейді мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауаның кезекті келуімен өзгерістер күтілмейді.

Бұрынғыдай өңіріміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы, найзағаймен өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты жаңбыр күтіледі.

"Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3…5°С төмен сақталады. Тек батыс және оңтүстік-батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30…38°С дейін жоғарылайды", - дейді синоптиктер.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel