RU
"Адамдардың көңілі қалды": Әміржан Қосанов сайлау туралы ойын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Адамдардың көңілі қалды": Әміржан Қосанов сайлау туралы ойын айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті сайлауында екінші орынға ие болған Әміржан Қосанов алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Журналистердің сауалына жауап берген Қосанов сыртқы тараптан туындаған сынға қатысты түсініктеме берді.

"Алғашқы реакция болжамға сай деуге болады. Әріптестердің сыни көзқарастары, адамдардың көңілінің қалуы-барлығын түсінемін. Сонымен қатар, басқа да реакция бар. Әртүрлі өңірлерден адамдар хабарласып жатыр. Бұрын біз 16 пайызды армандай да алмаған едік. Бұл жаңа кезең, бізге легитимациялануға мүмкіндік береді.
Иә, бұл радикалдардың, центристердің көңілінен шықпайды...Менің ойымша, биліктің өзі 1,5 млн адам (маған дауыс берген) екенін мойындаса. Мен көңілі қалған адамдарды түсінемін, бірақ менің позициям көңілінен шығатындар әлі келеді",- деді ол.

Қосанов саяси мансабына нүкте қоймайтынын, керісінше сайлауға қатысудан қорытынды жасап, сабақ алғанын айтты.

Сонымен қатар, ол қазіргі билікпен диалог құруға дайын екенін мәлімдеді.

"Егер билік диалог туралы айтар болса, неге жоқ? Ең болмағанда, күн тәртібі мен бастамалардың тиімділігін көруге болатын шығар. Біз бірден "жоқ, сіздермен бір үстелге отырмаймыз" деп айта алмаймыз ғой. Неге болмасқа?",- деді саясаткер.

Айта кетейік, осыған дейін ОСК алдын ала ақпарат бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ол халықтың 70,76 % даусын жинады. Ал екінші орынды 16,02% дауыс жинаған Әміржан Қосанов иеленді.

Сіздің реакцияңыз
61
1
5
2
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel