Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұсылман емеспін": Айжан Байзақова діни ұстанымы туралы айтты

Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова діни ұстанымы жайында айтты. Қазақстандық блогер өзін мұсылмандар қатарына жатқыза алмаймын деген пікірде. Бұл туралы ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құлағына крест таққан Байзақова жай ғана сырғаларды ұнатқанын, христиан дініне еш қатысы жоқ екенін айтты. Алайда, ол өзінің мұсылман екенін де жоққа шығарды.

Бейбіт Әлібековтің "Сен мұсылмансың ба?" деген сұрағына блогер ойланбастан "жоқ" деп жауап берді.

"Егер менің ата-анамды мұсылман деп есептер болсақ, тиісінше мен де мұсылманмын. Бірақ, ешқандай сүре білмесем, намаз оқымасам, киінбесем, кітапты (Қасиетті Құран Кәрім- ред) мүлде ашып көрмесем өзімді қалай мұсылманмын деп айта аламын?", - дейді ол.

Ал "Құдай сақтасын" деп жиі айтатын ол бұл сөздің бала кезде қалыптасқан әдет екенін айтты.

"Біз бәрібір аналарымыздың сөзін қайталаймыз ғой. Анам бір кездері намаз оқыды. "Құдай сақтасын", "Біссіміллә" деген соны сөздері. Ал мен осыны автоматты түрде қайталаймын", - дейді Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1798879-msylman-emespin-ajzan-bajzakova-dini-stanymy-turaly-ajtty/

pixel