Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда түнгі тәртіпсіздіктер кезінде полицейді қағып кеткен жігіт қамауға алынды

Опубликовано:

Алматыда түнде болған тәртіпсіздіктер кезінде полицейді қағып кеткен көлік жүргізушісі қамауға алынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кадр Алматы ДП видеосынан
Кадр Алматы ДП видеосынан: Depositphotos

Полицияның мәліметінше, 1995 жылғы туған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Мен жасаған ісім үшін өкінемін. Полиция қызметкерінен кешірім сұраймын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі он екі жарымда Алматының Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында көлік жүргізушілерінің бірі полиция қызметкерін қағып кеткен.

Тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған оң жақ жіліншігінің жамбас-берц сүйегінің жабық сынығы диагнозын қойды.

"Тойота" жүргізуші қылмыс орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай Қылмыстық кодекстің 345-бабында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799141-almatydagy-tngi-trtipsizdikter-kezinde-policejdi-kagyp-ketken-zigit-kamauga-alyndy/

pixel