Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің жақындары оны туған күнімен құттықтап, қайғыра еске алуда

Опубликовано:

Бүгін отандық танымал спортшы Денис Теннің туған күні. Тірі болғанда әйгілі мәнерлеп сырғанаушы 26 жасқа толуы тиіс болған. Алайда, бір жыл бұрын орын алған қайғылы жағдай көпке үлгі болған жанның өмірін қыршынынан қиды. Денистің жақындары бүгін оны дүние есігін ашқан күнімен құттықтап, оған дегнен сағынышын білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық шоу-бизнес жұлдыздарынан әнші Әли Оқапов өзінің Instagram парақшасында Денисті туған күнімен құттықтап, арнайы жазба қалдырды.

Денис Теннің туған күнін оның бапкері Татьяна Тарасова да ұмытпаған. Ол өзі жаттықтырған спортшының бұл әлемде енді жоқ екеніне әлі көнісе алмағанын жеткізді.

"Бір жыл бұрын осы суретті салып, сені туған күніңмен құттықтаған едім. Ал бүгін сен жоқсың. Мұны әлі де түсіне де, қабылдай алар да емеспін. Денис, ұлым, балақай біз сені жақсы көреміз. Сен мәңгіге біздің жадымыздасың" , - деп жазды Тарасова.

Қазақстандық ММА ассоциациясының бірінші вице-прзеиденті Анатолий Цой марқұм болған әйгілі отандасын еске алған.

"Денис туған күніңмен. Сен дүниеге келген сәттен бастап, аспанда мәңгі өшпес жұлдыз жанды. Сен бізден кетіп қалсаң да, ол жана бермек" , - деп жазды ол.

Денистің туған күнін қазақстандық достары ғана емес, шетелдік әріптестері де ұмытпаған. Италиялық мәнерлеп сырғанаушы Каролина Костнер өз парақшасында оны еске алған.

"Бүгін Денис Теннің туған күні. Ерекше әрі өздігінен шебер болған досым. Бізді ерте тастап кеткен досым. Мен сені қатты сағындым. Саған деген махаббатымды жібердім" , - деп жазды спортшы қыз.

Көпшілікпен бірге Денистің өліміне көнісе алмаған Алексей Ягудин де қазақстандықө спортшыны туған күнінде есіне алған. Мәнерлеп сырғанаушының өлімін естігенде көз жасын тоқтата алмаған спортшы марқұмға деген сағынышын жеткізген.

"Бүгін Денис 26-ға толар еді. Мәңгі есімдесің" , - деп жазды Ягудин.

Айта кетейік, бұған дейін алматылықтардың Денис Тен қаза тапқан орынға гүл шоқтарын апарып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1799512-denis-tenni-zakyndary-ony-tugan-knimen-kttyktap-kajgyra-eske-aluda/

pixel