RU
Ардақ Әшімбекұлы Тұңғыш президенттің қауіпсіздік қызметін басқарады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ардақ Әшімбекұлы Тұңғыш президенттің қауіпсіздік қызметін басқарады

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік күзет қызметінде жаңа кадрлық тағайындаулар жасады деп хабарлайды Ақорда.

Ардақ Әшімбекұлы. Фото: президенттің баспасөз қызметі

Ардақ Әшімбекұлы. Фото: президенттің баспасөз қызметі

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды" , - деп жазылған хабарламада.

Ардақ Әшімбекұлы 1977 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1999 жыл мен 2013 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қатарында және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінде әртүрлі офицерлік басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі Бастығының бірінші орынбасары –Президентінің қауіпсіздік қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Ал 2014 жылдың сәуірінен бүгінге дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздік қызметінің бастығы болған.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен, ҚР Президентінің атынан және ПКҚ алғыстармен, "ҚР ҰҚК Әскери институтына 75 жыл" арнаулы мерейтой төсбелгісімен, "100 лет ВЧК-КГБ" медальмен, "ҚР МКҚ Құрметті қызметкері" төс белгісімен, ведомстволық 10 медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Отбасылы, үш қызы мен бір ұлы бар. Генерал-майор атағын иеленген.

Сіздің реакцияңыз
2
2
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel