RU

Статистика: Елімізде некеге тұрған төрт жұптың үшеуі ажырасуда

Мамандар Қазақстанның қалаларында соңғы жылдары жастардың шаңырақ көтеруі жиілегенін, ауылды аймақтарында бұл көрсеткіштің төмендегенін жеткізді. Статистикаға сәйкес еліміздегі некелердің үштен екісі шаһарда орын алуда. Бірақ ажырасудың төрттен үші де бүкіл ел бойынша осы қалада болып жатыр деп жазды Ranking.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay
Фото: pixabay: Facebook

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда некеге тұрғандардың саны 27,9 мың.

Қала тұрғындарының үлесі 67 пайызды, ауылды аймақтар 33 пайызды құрайды.

Еліміз бойынша ажырасудың үлесі 2,7 пайызға азайғанымен, қалалықтар үшін статистка жақсармауда.

Кесте: ranking.kz
Кесте: ranking.kz: Instagram

Өткен жылы елімізде 137,8 мың неке тіркелген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға аз. Қалалық тұрғындардың көрсеткіші 68,3 пайыздан 69,6 пайызға жақсарды.

Ауылды аймақтардағы көрсеткіш 31,7 пайыздан 30,4 пайызға төмендеді.

2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырған 0,3 пайызға көп.

Ажырасудың төрттен үші қалада орын алды (74,6 пайыз).
Кесте: ranking.kz
Кесте: ranking.kz: Instagram
2019 жылдың бірінші тоқсанында некеге тұру көрсеткіші бойынша Түркістан облысы мен Алматы қаласы үздік шықты.

Үшінші орынға Алматы облысы жайғасты.

Кесте: ranking.kz
Кесте: ranking.kz: Instagram
Ажырасу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы мен Алматы облысы. Үшінші орын Қарағанды облысына тиесілі.
Кесте: ranking.kz
Кесте: ranking.kz: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799591-statistika-elimizde-nekege-trgan-trt-zpty-seui-azyrasuda.html