Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Президент болады": Нумеролог Байзақованың ұлының болашағын болжады

Опубликовано:

Атышулы инста-жұлдыз әрі актриса қазақстандық блогер Бейбіт Әлібековке сұқбат берген еді. Айжан Байзақова босану сәті мен нумерологтың болжамы жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байзақова тұңғышын өткен жылдың 1 желтоқсанында - Тұңғыш президент күні босанған болатын.

"Тұңғыш Президент күні босану? Түк емес! Бүгін біздің алғашқы кездесуіміз болды. Достар, мен бір көргеннен ғашық болу дегенге сенетін сияқтымын", - деп хабарлады бойжеткен сол күні.

Жақында Бейбіт Әлібековке берген сұқбатында Айжан босануы жайлы толығырақ баяндап берді.

"Босану жеңіл өтті. Әрине, арасында өлгің келіп кететін сәттер болды. Мен сол кезде баламның әкесімен видео арқылы сөйлесіп отырғанмын. Сол сәтте толғағым келіп, оған бейәдеп сөздерді жаудырдым.
Сосын бәрі жақсы болды. Баланы кеудеме қойғанда бәрін ұмыттым. Екі сағат оның бетіне қарап отыру - керемет сезім еді", - деп ағынан жарылды ару.

Жүргізуші актрисаның ұлы болашақта кім болады деген сұрақ қойған еді. Айжан жауап бере отырып, сенімді нумеролог маманның жасаған болжамымен бөлісті.

"Кеше нумерологқа бардым. Мен ештеңе ойламай, ойын-сауық құрып жүргенде ол менің жүктілігімді болжаған еді. Ол ұлымның сандары болашақ президенттің саны деп айтты.
Мен оны футболшы болады деп армандағанмын. Маған: "Жоқ, ол футболшы болмайды. Бұл - президент болуды қалап, соған жететін адам", - деді. Қызық, бірақ мен оның олай болғанын қаламайтын едім", - деп қосты Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799615-prezident-bolady-numerolog-bajzakovany-lyny-bolasagyn-bolzady/

pixel