RU

Елімізде Тоқаевтың қанша аттасы бар екенін білесіз бе?

Қазақстанда президенттің неше аттасы тұрып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ведомствоның ақпараты бойынша, республикада екі адамның есімі Касым-Жомарт болып жазылған.

Статистика комитеті тағы 69 қазақстандықтың Қасымжомарт, 30 адамның аты Қасым-Жомарт (қазақ тілінде жазылған) екендігін атап өтті.

Бұдан бөлек, 654 тұрғынның есімі Қасымжомарт болып тіркелгені айтылды.

Қасым-Жомарт сөзі екі құрамнан тұрады.

"Қасым" сөзі араб тілінен аударғанда "өте жақсы, әдемі" деген мағынаны білдірсе, "Жомарт" - ақкөңіл, қолы ашық, сыйлы ұғымын айшықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799633-elimizde-kasym-zomart-tokaevty-nese-attasy-bar.html