RU
Туған күніне шақырып, зорламақ болды: Полиция 15 жастағы арудың өлімін тергеуде
Жаңалықтар Қоғам

Туған күніне шақырып, зорламақ болды: Полиция 15 жастағы арудың өлімін тергеуде

Рассказать Вконтакте

Танысы жігіті зорламақ болған 15 жастағы ару осы жылдың 9 маусым күні өзіне қол салды. Дәрігерлер үш күн бойы қыздың жанын арашалауға тырысқанымен, алайда 12 маусым күні жасөсіпірім қыз Алматы облысының ауруханасында қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Туған күніне шақырып, зорламақ болды:Полиция 15 жастағы бойжеткеннің өлімін тергеуде

Көрнекі сурет: oxu.az

Бұл оқиға туралы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова өзінің желідегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, жөспірім қызды 2018 жылдың 26 қыркүйегінде зорламақ болған. Оны таныс жігіт 19 жасқа толған туған күніне шақырған екен.

Смаилованың жазуынша, жас жігіт интернет жұлдызы, енді көтеріліп келе жатқан эстрада әртісі болған. Сондықтан қыз бала оның ниеті таза деп ойлап, сеніп қалса керек.

"Қыз баланы үйіне шақырып, онда туған күнін тойлайтындарына сендірген. Бірақ шындығында зорламақ болған. Ол қарсылық көрсетіп, қашып кеткен. Алайда үлкен психологиялық соққы алған. Соның салдарынан қайғылы жағдай орын алды", - деп жазды Дина Смаилова.

Оқиғадан кейін қыз баланың қызуы көтеріліп, құса бастаған. Таңертең мектепке бармаған, анасы басқа қалада болғандықтан оған ештеңе айтпаған. Анасы оралғаннан кейін қызын көргенде бірден бір нәрсе болғанын түсінген.

Сонда бойжеткен бәрін айтып берген. 3 қазанда анасы мен қызы полицияға арыз жазған. Қазір анасы сол үшін өзін жазғырып отыр.

"Ең басты мәселе - зорлаушы. Ол кінәсін мойындамады, қыздан кешірім сұрамады. Керісінше оған жала жауып, достары, туыстары және полицейлердің алдында қара бет қылды. Тіпті 14 жастағы қызды бопсалаушы деп айыптады.
Екінші мәселе - тергеу мен мемлекеттік органдар. Зорлау талпынысына немесе зорлауға тап болған баладан түсінік алу үшін бала психикасын түсініп, дұрыс сұрақ қоя білу керек. Бірақ ондай жоқ, болмайды да", - деп жазды Дина.

Сондай-ақ мектептегілер оған құжаттарын алып кету керектігін жеткізген. Бірақ Смаилованың сөзінше, жасөспірім мұны ата-әжесі білгенін қатты қаламаған, ал мектеп директоры әжесіне бәрін айтып берген.

"Қыз бала мектептен кеткен, бірақ анасы әкімдікке шағымданғаннан кейін директор туысқандарынан кешірім сұрап, Аделинаның әжесіне барып, онымен сөйлескен. Сөйтіп, жараның беті қайта ашылды", - деп хабарлады Смаилова.

Қазір Алматы облысының полиция департаменті кәмелеттік жасқа толмаған қыздың өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 105 бабы "Өзіне қол салуға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

Тергеуді Іле ауданының полицейлері жүргізуде. Істі облыстық полиция департаментінің басшысы өз бақылауына алған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel