RU

Түркістан облысының жүз дәрігері шипажайға тегін жолдама алды

Түркістан облысының әкімі дәрігерлерге шипажайға 100 жолдама сыйлады. Медицина қызметкерлері төл мерекелерінде үлкен қуанышқа бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған ақ желеңді абзал жандарды "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен, Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, бірнеше дәрігерге "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі мен "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төс белгілерін тапсырды.

Мерекеге орай Түркістан медицинасының ең лайықты өкілдерін марапатталды. Биыл өңірдің денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, Денсаулық сақтау министрлігінің медальдары, облыс әкімінің грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне ноутбук берілді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Салтанатты шарада жүзге жуық медицина қызметкері ҚР ДСМ, Түркістан облысы әкімінің алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды, 2 дәрігер "Еңбек ардагері"медалімен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша "Үздік терапевт", "Үздік хирург", "Үздік акушер - гинеколог", "Үздік педиатр", "Үздік функционалдық диагностика дәрігері", "Үздік зертханашы" және "Үздік ауылдық дәрігер"марапатталды.

"Үздік емхана" атағына Түркістан қаласының орталық емханасы иеленді, ал Жылдың үздік ауруханасы болып Шардара ауданының орталық ауруханасы атанды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев аймақтың денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін айтарлықтай қаражат бөлінетінін атап өтті.

"Мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып келетін денсаулық сақтау саласын биыл материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары күтіп тұр. Сондай-ақ, өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға күш саламыз,"- Мұқан Егізбаев.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1799786-trkistan-oblysyny-zz-drigeri-sipazajga-tegin-zoldama-aldy.html