Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жасқа толған Динара Қырықбаева гүлдің астында қалды (фото)

Опубликовано:

30 жасқа толған Динара Қырықбаева туған күнінде құшақ-құшақ гүлге көмкерілген. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында деп жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үшінші мәрте ана атанғалы жүрген әнші өзінің жасын да көпшіліктен жасырған емес.

Өнер иесі өзінің мерейтойында гүлін алып, ата- анасын құттықтауға барған.

"Өз мерекемде анам мен әкемді құттықтауға келдім. Расында отыз жыл бұрын маған өмір сыйлаған осы кісілер ғой. Мереке осы кісілердің арқасы", - деп жазды.

Сондай-ақ әнші туған күнінде бөлме толы құшақ-құшақ гүлін де көрсетті.

Ал желі қолданушылары Динара Қырықбаеваның мерекесімен жарыса құттықтады.

"Өте әдемі", "Туған күніңіз құтты болсын", " Өміріңіз нұрға толсын! Құшағыңыз гүлге толсын! Жаңа жасыңыз құтты болсын", "Керемет".
"Бақытыңыз баянды болсын", "Гүлді өзім алғандай қуанып отырмын", "Гүлдердің біреуі екіншісінен өтеді. Өте керемет. Сіздің сүйікті жар, бақытты адам екеніңізді білуге болады" деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1799920-30-zaska-tolgan-dinara-kyrykbaeva-gldi-astynda-kaldy-foto/

pixel