Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрбір қуыста өріп жүр": Ақтөбеде 90 жанұя тұратын үйді тарақан жайлаған

Опубликовано:

Ақтөбеде бір топ тұрғын қоқыс жәшігіне айналған жертөледен тұрғын үйдің тарақандап кеткенін айтып, көмек сұрады. Олардың сөзінше, өздері істеген улау жұмыстарынан еш нәтиже болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Раушан Медеуова. Фото: KAZ.NUR.KZ
Раушан Медеуова. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Үйде тарақан көп. Ұсағы да, ірісі де өріп жүр. Барлық бөлмеде бар. Баламыздың құлағына, аузына кіріп кетеді деп қорқамыз. Улап та көрдік. Нәтиже жоқ", - дейді тұрғын Раушан Медеуова.

Тұрғындар пәтер иелері кооперативінің  тазалау жұмыстарына назар аудармай отырғанына наразы.

"Бұл жерде мен үш жылдан бері тұрамын. Биыл үйімізде тарақан көп. Өз күшімізбен улағанның әсері болмай тұр. Себебі барлығы жертөледен болып тұр. ПИК "жертөлені өздерің тазартыңдар" деп отыр. Біз сонда ақшаны не үшін төлеп отырмыз?",-дейді тұрғын Дариға Қарамурзина.
Дариға Қарамурзина. Фото: KAZ.NUR.KZ
Дариға Қарамурзина. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Тұрғындар кеш түссе денелеріне дейін дәрілеп сақтанады екен. Себебі қараңғы түсе көбейетін жәндіктерден басқаша қорғану мүмкін емес.

"Барлық қуыста тарақан жүреді. Әсіресе кешкі мезгілде көп. Ас үйдің терезесінен де  түсіп жатыр. Ыдыс-аяқ тұратын жерімізге дейін улап тастадық. Бұл өзіміз де уланудамыз деген сөз",- дейді Надежда Палецкая.
Надежда Палецкая. Фото: KAZ.NUR.KZ
Надежда Палецкая. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін тұрғын үйдің тазалығына жауапты пәтер иелері кооперативіне бардық.

Ондағы мамандар қарыздары миллион теңгеге жеткен тұрғын үйді биылғы жылы құрт-құмырсқаға қарсы уламағандарын растады.

"Біз бұл жағдайдан хабардармыз. Жазбаша арыз болған жоқ, бірақ телефон соғып хабарласты. Бұл үйдің  800 мың теңгеден аса қарызы бар. Ол тарақандардың барлығы үйді таза ұстамағандықтан шығып тұр. Жертөлеге сақтамайтындары жоқ.

Үйдің өзінде кішкене қиқымға құмырсқа жиналады. Бұдан кейін ешқашан тазаланбайтын жердің жағдайын ойлай беріңіз. 

Жылына екі рет жертөлелерді дезинфекциялау шараларын жасаймыз. Онда кәріз құбырларының үлкен тарақандары да жүр. Бірақ оларды тазалаумен біз айналыспаймыз", - дейді "Жөндеу" пәтер иелері кооперативінің төрағасы.

Мамандар аталмыш үйге маусым айының аяғы мен шілде айының басында дезинфекция жұмыстарын жасауды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800084-rbir-kuysta-rip-zr-aktbede-90-zana-tratyn-jdi-tarakan-zajlagan/

pixel