RU

БҚО-да үйсіз қалған көпбалалы отбасыға пәтердің кілті табысталды

Батыс Қазақстан облысының Қазталав ауданында бір үй өртке оранып, бес баласы бар отбасы күйсіз қалды деп хабарлайды Казинформ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: domvam55.ru
Фото: domvam55.ru: UGC

БҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі бойынша, оқиға 11 маусым күні Жаңажол ауылдық округінің Әбіш бекетінде болған. Жасмағамбетов, 29/2 көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйдегі өрт туралы хабар сағат 13:25-те келіп түсті.

№2 пәтер толығымен өртке оранды. Өрт 16:03-те ауыздықталып, түгелдей 16:31-де сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Аталған пәтердің иесі 1980 жылғы Нәсіпқали Байғазиевті күйік шалып, ол дереу Жалпақтау ауруханасына жеткізілді.

Н.Байғазиев маусымдық от жағушы, ал оның әйелі Клара Ермұқанова - мектепте кіші қызметкер болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр.

Жаңажол ауылдық округінің әкімі Қайыржан Өмірәлиевтің сөзінше, үйде енді тұру мүмкін емес. Бүгінде отбасы Н. Байғазиевтің анасының үйінде тұрып жатыр.

Олардың екі ұлы Таза бен Орал қалаларында оқиды. Ал тағы бір баласы биыл мектеп бітіріп отыр. Қалғандары 6-7 сыныптың оқушылары.

"Отбасыға азық-түлік берілді. Ауылдастары оларға тұрмыс техникасын сатып алу үшін қаражат жинауда. Ақсақалдар кеңесі олардың мектеп жасындағы балаларына мектеп формасы мен киімдер сатып алу мәселесін қарастыруда. Шаруа қожалығының басышысы пәтердің кілтін табыстады. Жөндеу жұмыстарынан кейін Байғазиевтер отбасы жаңа баспанаға көшеді", - деді К. Өмірәлиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800149-bko-da-jsiz-kalgan-kpbalaly-otbasyga-pterdi-kilti-tabystaldy.html