Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дети сестер" телехикаясының актерлері жайлы қызықты деректерді білесіз бе?

Опубликовано:

"Дети сестер" телехикаясы экранға алғаш шыққаннан-ақ қалың көременді баурап алды. Шытырман оқиғаға толы телехикаяның желісін алдын ала болжау мүмкін емес. Сол себепті көрермендер әр аптаның жұма күні шығатын бөлімді тағатсыздана күтеді.

Фото: ok.ru
Фото: ok.ru: UGC

"Дети сестер" телехикаясының желісі

Танымал түрік телехикаясы әпкелер арасындағы қарым-қатынасты, махаббатты, адамгершілік қасиеттерді дәріптейді.

Ұмран мен Ұмай туған әпкелі-сіңлі қыздар. Бала күнінде олар тату-тәтті болған, алайда бір жігітке ғашық болып қалған арулардың жолдары әп-сәтте қақ айырылады. Ұмран кішігірім қыстаққа көшіп, сол жерде безбүйрек күйеуінің қорлығына шыдап өмір сүреді. Ал Ұмай болса, керісінше, дәулетті азаматқа тұрмысқа шығып, Түркияның астанасында үлде мен бүлдеге оранып күн кешеді. Дегенмен әпкелі-сіңлі арулардың жасырған сыры бар.

Желі бойынша Ұмай Қарай он сегіз жыл бұрын әпкесінің сүйіктісінен аяғы ауырлап, қызды болады. Алайда сол сәтте Канадаға жол тартып кеткен жас жігіт бұл хабарды естімей кетеді. Өзін сүймеген адамға қыз сыйлаған ару баласын әпкесіне тастап, қыстақтан қалаға көшеді. Стамбұлда аты жер жарып, танымал тұлғаға айналған Ұмай Қарай он сегіз жылдан кейін қызымен қайта қауышады. Бұл жағдай әпке мен сіңлінің арасына от сала ма? Әлде керісінше, көп жылдық өшпенділікке нүкте қоя ма?

Хикаядан Түркияның ең үздік актерларын көре аласыз.

"Дети сестер" телехикаясының актерлері

Афра Сарачоглу (Хаят)

Афра Сарачоглу 1997 жылы Эдремит қаласында дүниеге келді. Актрисаның тоғыз жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Сол себепті Афра анасымен бірге Анкараға қоныс аударады. Ажырасуға арудың әкесі себепші болғандықтан актриса оны кешіре алмаған.

Афра анасына қаржылай көмектесу үшін 14 жасынан жұмыс істеуге кіріседі. Осылайша өзін сәнқой ретінде сынамақ болады. Алайда көптеген сәтсіздіктерден кейін оның анасы танымал сәнқой агенттігімен келісім-шартқа отырып, қызын сән әлеміне жібереді.

Афра Анталиядағы бастауыш және орта мектепті бітіріп, Ескішехир университетіне түседі. Болашақ жұлдыз Ескішехирде Анадолу университетіндегі оқуы мен мансабын шебер ұштастыра білді. Сарачоглу сәнқой ретінде үлкен табыстарға жетті. Оны сән сахнасы мен жарнамалардан жиі көруге болады.

Афра "Второй шанс", "Плохой парень" атты фильмдерде өзінің актерлік шеберлігін көрсетіп, режиссерлардың көзіне түсе абастады.

2018 жылы "Госпожа Фазилет и ее дорчери" телехикаясы Афраға үлкен танымалдық әкелді. Ал 2019 жылы актриса "Дети сестер" хикаясында басты рөлді сомдады.

Фуркан Андыч (Волкан)

Фуркан Андыч 1990 жылы Стамбұлды туған. 19 жасында оқуын жалғасытру үшін Киевке кетеді. Актер оқуын жақсы аяқтап, Түркияға қайта оралады.

Туған жерінде Фуркан телевизия саласында жүруге мүмкіндік беретін жарнама агенттігіне жұмысқа кіреді. Ол ең алғаш рет 2011 жылы "Дневники колледжа" атты көп бөліменен тұратын хикаяда эпизодтық рөлді сомдауға шақырту алды.

Бір жылдан кейін өнер жолын енді бастап келе жатқан актер "Отчаянные домохозяйки" телехиясының түрік нұсқасында ойнады. Дәл осы туындыдан кейін Фурканды түрлі фильмдерге шақыра бастады.

Актерлық мансабында Фуркан 8 фильмге түсіп үлгерді. "Я назвала ее Ферихе" фильмінен кейін актерді күллі түркі халқы тани бастады.

2019 жылы ол "Дети сестер" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Алайда бірнеше бөлімінен кейін басқа туындыға шақырту алып, келісімді бұзған.

Нур Феттахоглу (Ұмай)

Нур Феттахоглу 1980 жылы Германияда дүниеге келді. Актриса 4 жасқа келгенде оның ата-анасы туған отанына қайта оралуға бел буады. Осылайша Нұр отбасымен Стамбұлдағы Бешикташ ауданына көшіп келеді. Дәл сол жерде актрисаның балалық шағы өтеді.

Нұр ешқашан актриса болу туралы ойламаған. Сол себепті оқуды тәмамдағаннан кейін киім дизайнімен айналыса бастады. Бос уақытында өзі киім тікті. Осылайша актриса Халич университетінің дизайнер кафедрасына оқуға түседі.

Оның кино әлеміне келуіне сол салада жүрген бірінші күйеуі Мұрат Айсан септігін тигізген. Актриса алғаш рет "Какой из меня отец" хикаясына түскен еді.

Алайда оның жұлдызын жаққан телехикая деп "Великолепный век"-ты айтуға әбден болады. Хикая Түркиядағы рейтингі жоғары туындылардың бірі болды.

Нұр 2017 жылы "Фи, Чи, Пи" хикаясына түсті. Ал 2019 жылы "Дети сестер" кино жобасында басты рөлді сомдады. Телехикаяда актриса туған әпкесінің сүйіктісінен балалы болып, оны әпкесіне тастап кетеді.

Актриса түскен туындылар үлкен танымалдыққа ие болып, көптеген сыншылардың көңілінен шығатын.

Айча Бингёль (Ұмран)

Айча Бингёль 1975 жылы Стамбұлда дүниеге келді. Актриса Стамбұл мемлекеттік консерваториясының театр факультетіне оқуға түскеннен кейін оның мансабы өрге домалайды. Оқуды тәмамадай сала актриса Дормен театрына жұмысқа тұрады.

Айча Бингёль алғаш рет "Секретное досье" хикаясында кішігірім рөл сомдауға шақырту алады. Ал бір жылдан кейін "Трамвай" фильміне түседі. Дегенмен "Бесценное время" телехикаясынан кейін актрисаның есімі барша Түркияға белгілі болды.

Айча Бингёльдің актерлық мансабы 2010 жылдан кейін өрге домалады. Ол "Я не могу спать, когда прибывает месяц" "Отец и семья" атты телехикаяларда актерлік шеберлігін паш етеді.

2019 жылы актриса "Дети сестер" хикаясында басты рөлді сомдайды. Желі бойынша ол алғашқы махаббаты мен туған сіңлісінің қызын баққан ананың рөлін сомдайды.

Мехмет Асланту (Йылдырым)

Мехмет Асланту 1961 жылы Самсун қаласында дүниеге келген. Ол отбасының кенжесі, үйдің бесінші баласы. 1978 жылы кәсіпкерлер мектебіне, ал 1985 жылы экономика және кәсіби білімнің әкімшілік ғылымы факультетіне түседі.

1981 жылодан бері 30-дан аса телехикаялар мен шоуларға түсіп үлгерген. "Возвращение любви" телехикаясына түсіп, "Золотая бабочка" сыйлығының иегері атанды.

2019 жылы "Дети сестер" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Ол алғашқы махаббатына қосыла алмай кеткен дәрігер болып ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1800681-deti-sester-telehikaasyny-akterleri-zajly-kyzykty-derekterdi-bilesiz-be/

pixel