RU

Түсіңізде тақ көру нені білдіреді?

Түсіңізде тақ көрсеңіз, онда барлық бастамада жетістікке жетесіз деген сөз. Аstromeridian.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ мұндай түсті тағы қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.

Түсіңізде тақ көру нені білдіреді?
Көрнекі сурет: Depositphotos: Facebook

Егер түсіңізде тақта отырғаныңызды көрсеңіз, онда өміріңізде сәтті кезең басталады деген сөз.

Алайда түсті жорып отырған адам қазіргі материалдық жағдайына да көңіл бөлуі тиіс.

Егер ол байқуатты болса, онда мұндай түс керісінше шығындарды білдіруі мүмкін. Ал ақшадан тапшылық көріп жүрген адам, көп ұзамай барлық мәселелері шешілетініне сенімді бола алады.

Ал тақта отырған жеріңізден сізді түсіріп жіберсе, онда шынайы өмірде бір нәрседен қатты көңіліңіз қалады деген сөз.

Тақты жасап жатқанын көру әлеуметтік жұмыстарға атсалысатыныңыз жайында ескертеді. Ал бос тақты көру - жауапкершілік алуға дайын емес екеніңізді білдіреді.

Ал тақта танысыңыздың отырғанын көрсеңіз, сол адам өңіңізде қамқоршыңызға айналады деген сөз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800704-tsiizde-tak-kru-neni-bildiredi.html