RU
Байқоңырда қорқынышты түсін елге жайып салған азаматтың үстінен іс қозғалды
Жаңалықтар Қоғам

Байқоңырда қорқынышты түсін елге жайып салған азаматтың үстінен іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Байқоңырда қазақстандықтардың жаппай қырылатыны туралы түс көріп, видео үндеу жасаған азамат жауапқа тартылмақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: mysonnik.com

Көрнекі фото: mysonnik.com

Ер адам алдағы жүз жылда қазақстандықтардың жаппай қырылатыны туралы түс көрген. Түсінде "Аралтұз" АҚ қытайларға сатылған, олар болса өнімге адам ағзасына аса зиянды химиялық қоспалар қосады екен.

Байқоңырлық азамат осының бәрін желіде жариялаған видеосында баяндаған. Ал "Аралтұз" компаниясының вице-президенті Нағашыбай Әуезханов оның "түсіне" қатысты пікір білдірген.

"Бұл – жалған, себебі кәсіпорында тұз алу және тазалау процесі қатаң бақылауда, арнайы лабораторияда комбинат өнімінің сапасы тұрақты тексеріледі. Акционерлік қоғам тұзды қазақстандық дүкендерге жеткізіп қана қоймай, таяудағы шетелге экспорттайды, тұтынушылармен арада ешқашан проблема болған жоқ" - деді ол.

Әуезхановтың сөзінше, бір лабораторияның өзінде қырық маман жұмыс істейді, ал кәсіпорында барлығы 1 200 жұмысшы бар екен.

Қызылорда облысының полиция департаменті байқоңырлықтың видео үндеуіне қатысты қылмыстық істі қолға алды.

"Үндеуді таратқан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздық туғызу) бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр.
Видео авторы мұндай мақсатты көздемегенін, "құдайдың берген аяны шығар" деп халық алдында парызын орындағысы келгенін түсіндірді", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Сіздің реакцияңыз
10
2
4
4
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel