RU

Үнемі күйеуін жамандайтын әйелдерге нені білу керек?

Қоғамда жанұяда азғантай жанжал болса, жұбайын жамандап, жер-жебіріне жететін әйелдер аз емес. Олардың бірі үйде дау болғанда киімдерін жинап, төркініне асығып тұрса, екіншілері ештеңеге қарамастан, құрбыларымен сырласуды жөн санайды. Ал үнемі күйеулерін жамандайтын келіншектерге нені білу керек? Бұл сұраққа Шынар Әбілдәнің аудармасына сілтеме жасаған "Алаш айнасы" жауап береді.

Көрнекі фото: ru.tsn.ua
Көрнекі фото: ru.tsn.ua: Instagram

1. Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, ойша алыстайды. Еріне күш-қуат сыйламайтын болады. Ал күйеуінің жолы жабылып, бастаған ісінен береке кетеді. Ол түрлі ішімдікке әуестеніп, әйел оның сыйлауға лайық еместігіне көз жеткізеді. Ер адам мұндай жағдайды өзгертуге қауқарсыз.

2. Қарым-қатынастың бүлінуі жүйке жүйесін құртады. Әйелдің нәзік жүрегін тасқа айналдырады. Жанын дертке малып, тәніне ауру береді. Бұл ғана емес, біз бұл жаманатты сақтап, ары қарай қолдан қолға өткіземіз, таратамыз.

3. Жаман ой бар қуат-күшіңді жеп қояды. Әйелдің қолдауы, сезімі, қуаты, мақұлдауы - еркек үшін өте маңызды. Оның жетістігінің іргетасы. Әйел ері туралы төмен ойлаған сайын оның өзі үшін жақсы болуына кедергі қояды, жетістікке талпынысын жояды.

4. Өз күйеуін сыйламайтын әйел мұнысын балаларына сіңіреді. Балаға ештеңе түсіндіріп керек емес. Олар онсыз да бәрін көреді, біледі. Егер күйеуіңізді сыйламасаңыз, балаңыз жаман оқитын болады, осы қылығы арқылы қарсылығын білдіргені. Сізді тыңдамайды. Сөз қайтарады. Дөрекі сөйлейді. Айтқаныңыздың бәрін керісінше істейді. Жаман ортаға түседі. Жаман қылықтарға жақын бола бастайды. Келешекте өздері дұрыс қарым-қатынас құра алмайтын болады. Күйеуін сыйламаудың құны зор.

5. Күйеуіңізді өзгелерге жамандап көптеген ақыл естисіз. Ол сіздің теңіңіз емес, ажырас деуі мүмкін. Бірақ бұл әңгімеде сіз өзіңізді емес, өз жүрегіңізді емес, өзгенің ақылын тыңдайсыз. Өзгенің тіліне ересіз.

6. Күйеуіңізді анаңызға жамандап көзге көрінбес байланысты нығайта түсесіз. Күйеуіңізге қарсы шығасыз. Яғни, оған опасыздық жасайсыз. Анаңызбен бірігіп оны жамандау жақсылыққа апармайды. Ана өз баласына жаны ашиды, күйеу баласын сыйлауды қояды. Оны қарғап-сілейді. Бірақ сосын анаңыздың алдында күйеуіңізді ақтап ала алмайсыз. Оның мәртебесі түсіп қалады.

7. Құрбыңызға оны жамандап, қолдау күтесіз. Бірақ құрбыңыз естігенін одан әрі жеткізеді. Ар жақта сіз туралы кім, не айтып жатқаны білмейсіз Сіздің жақсы атыңызға күйе жағылады.

8. Күйеуіңіз туралы жаман сөз айтқанда, өзіңізді одан жақсы деп ойлайсыз. Ал, шын мәнінде тек тәкәппарлығыңызды мақтан етесіз. Күйеуін жамандаған әйел арадағы нәзік байланысты үзіп, жеке өмір сүре бастайды. Отбасы жойылады. Күйеу өзінше бөлек өмір сүре бастайды.

9.Күйеуді айыптап, әйелдер оны жаман қылық жасауға итермелейді.

10. Өзі туралы барлық жаман ойды еркек сезеді. Ол сіз үшін асқақ арман еместігін біледі. Сізге керек еместігін түсінеді. Арадағы сезімнің өшкенін байқайды. Ол диванға жатады да сізден кек алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800844-nemi-kjeuin-zamandajtyn-jelderge-neni-bilu-kerek.html