RU

63 градус: Кувейтте аптап ыстықтан көліктер еріп жатыр (фото)

Кувейтте жаңа әлемдік рекорд тіркелді. Ауа температурасы 63 градусқа дейін көтеріліп, жер ғаламшарында бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнады деп хабарлайды lifter.com.ua сайтына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: culturacolectiva.com
Фото: culturacolectiva.com: UGC

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, сегізінші маусым күні термометр көлеңкеде 52,2 градусты көрсетсе, күнде бұл көрсеткіш 63 градус болған.

Аптап ыстық салдарынан шамамен бес адам көз жұмған. Билік өкілдері халықты көшеге шықпауға шақырып, барынша көбірек су ішуге кеңес беруде.

Бұған дейінгі температура рекорды Калифорниядағы "өлім алаңында" тіркелген. 1913 жылдың 10 шілдесінде ол жерде 56,7 градус ыстық болды.

Мұндай ауа райының салдарынан жапа шегіп жатқан кувейттіктерді алдағы уақытта одан бетер ыстық күтіп тұр.

21 маусым күні ауа температурасы 68 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800849-63-gradus-kuvejtte-aptap-ystyktan-klikter-erip-zatyr-foto.html