RU

"Күйеу жігіт, әлде алаяқ": Ғаламторда кіммен танысқаныңызды қалай білуге болады?

Қазір ғаламтор өміріміздің бір бөлігіне айналды. Соңғы кездері желі арқылы танысу сәнге айналды, кейде тіпті мұндай хикаялардың сәтті аяқталуын да естіп жатамыз. Алайда алаяқтар да жоқ емес. Шын көңіл білдірген жігіт пен алаяқты қалай ажыратуға болады? Uznayvse.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ сіздерге бұл күрделі мәселеде көмектеседі.

"Күйеу жігіт, әлде алаяқ": Ғаламторда кіммен танысқаныңызды қалай білуге болады?
Көрнекі сурет: b17.ru: Twitter

Сөйлесуге тұрмайтын әңгімелесушінің белгілері

  • Сауаланамадағы суретінің болмауы немесе сапасы нашар болуы, оның тұлғасын жасыруға тырысатынын білдіреді. Ал суреттер керісінше бәрі өте сапалы болса, демек олар интернеттен жүктелген.
  • Тіркелу күні мен дос саны. Дос болмаса немесе бірнеше мың досы болса, онда онымен араласудың қажеті жоқ.
  • Профилінің мазмұны. Адамның профилі ол туралы көп нәрсе айта алады. Егер ішінде өзі туралы пост болмаса, онда бұл алаяқтардың немесе жарнамалық профиль.
  • Махаббат құмарлық. Жаңа танысқан адам сізге әртүрлі мақтаулар айтса, ойлануға тұрарлық. Әсіресе, сирек сөйлесіп, сізді еркелетіп атаса.
"Күйеу жігіт, әлде алаяқ": Ғаламторда кіммен танысқаныңызды қалай білуге болады?
Көрнекі сурет: uznayvse.ru: Facebook

Алаяқтардың түрлері

Ұсақ алаяқтар

Бұл адамдар ұсақ-түйек ақша сұрап, ұялы телефонға ақша салу жайлы өтініштермен шектеледі.

Жалған парақтар мен роботтар

Бұл жерде жұмыс істеу принципі мен мақсат бір, бірақ белгілі бір уақытқа дейін құрбанмен алаяқ емес, бағдарлама әңгімелеседі. Егер әйел адам оны қара тізімге салмаса, онда алаяқ онымен өзі сөйлесе бастайды. Роботты нақтылау үшін бір сұрақты бірнеше рет қою керек. Жауап бірдей болады.

Ірі интернет алаяқтар

Бұл адамдар құрбандарын айналдыру үшін көп уақыт жұмсайды. Әдетте олар 30 асқан бойжеткендермен тілдеседі. Олардың арасынан тұрмысқа шығуды қалайтындарды іріктеп алып, бірден іске кіріседі.

  • Ұшақ билетімен алдайды.

Күйеу жігіт қиын жағдайда. Оған биетке ақша жіберу керек. Ақшаны алған соң ол бірден ғайып болады. Ал өзіңіз ұшатын болсаңыз, ол сізге білгілі бір сайтқа өтіп, билет алуды өтінеді. Бұл жалған сайт, ақша күйеу жігітпен бірге жоғалып кете барады.

  • Сыйлықпен алаяқтық

Сүйіктіңіз сізге сыйлық жіберіп, ақшасын төлеуді ұмытып кетеді. Әйел адам сілтеме бойынша ақша жібергеннен кейін ақша да, күйеу жігіт те, сыйлық та жоғалады.

  • Емделуге ақша.

Бұл ең танымал алдау жолы. Ұзақ уақытқа жалғасуы мүмкін. Әйел адам қарызға батып, бар жинап-тергенінен айрылуы мүмкін.

Сақ болыңыздар, махаббат деген әрине жақсы сезім, бірақ сезімдердің ақылыңыздан басым болуына жол бермеңіз. Ең болмаса, бастапқы кезде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800900-kjeu-zigit-lde-alaak-galamtorda-kimmen-tanyskanyyzdy-kalaj-biluge-bolady.html