Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында әйел адам өзін үш ер азаматтың зорлағанын айтты

Опубликовано:

Алматы облысының полиция қызметкерлері 40 жастағы әйел адамды зорлады деген күдікке ілінген топты ұстады деп хабарлады аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомстоның ақпараты бойынша, 19 маусым күні Алматы қаласының тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласып, өзіне зорлық-зомбылықпен жасалғанын және күдіктілердің нақты белгілерін айтып берген.

Олар қылмыстық топты ұстау үшін полиция қызметкерлерінің жеке құрамы жұмыс істегенін атап өтті.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жәбірленуші 1992 жылы туған күдіктінің бірімен таныс болып шыққан.

Тәртіп сақшылары әйелді Есік қаласындағы қонақ үйдің бірінде зорлағанын жеткізді.

Олардың сөзінше, екі күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Үшінші қылмыскерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800960-almaty-oblysynda-jel-adam-zin-s-er-azamatty-zorlaganyn-ajtty/

pixel