RU

Ерлан Тұрғымбаев: Біз өзімізге баспана салып ала алмаймыз

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа халыққа есеп беру кездесуінде неліктен полицейлерге жеке тұрғын үй немесе жатақхана салынбайтыны туралы сауал қойылды. Министр қазіргі уақытта қызметкерлер үшін ештеңе салынып жатпағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: regpovestka.ru
Фото: regpovestka.ru: UGC

1 шілдеден бастап қызметкерлерге тұрғын үйді жалға алғаны үшін 70-тен 150 мың теңгеге дейін өтемақы төленеді.

"Бізде құрылыс жоқ - біз өзімізге баспана сала алмаймыз. Бұрын болған жеңілдік кезектер қазір таратылды.
Сондықтан тұрғын үй өтемақысының көмегімен жас отбасы немесе жас маманның жалға алған пәтердің шығындарын жабу мүмкіндігі бар. Одан әрі ТҚЖБ арқылы салым жасай отырып, жалға берілетін тұрғын үйді ала алады", - деп мәлімдеді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жалға алған тұрғын үйдің өтемақысын алатын қызметкерлердің саны артқан. Енді оған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар мен патрульдік инспекторлар да құқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800996-erlan-trgymbaev-biz-zimizge-pter-salyp-ala-almajmyz.html