Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

SCAT әуе компаниясының 232 жолаушысы Нұр-Сұлтан әуежайында тұрып қалды (видео)

Опубликовано:

SCAT әуе компаниясының 232 жолаушысы ұшақ мәселесіне байланысты елордалық әуежайда тұрып қалды. Туристер, оның ішінде жартысы балалар Анталияға 14 сағат бойы ұша алмаған деп хабарлайды 31 арна.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Рейс төрт рет ауыстырылған. Сағат түнгі 2- де ұшуы тиіс болған жолаушылар әуежайда сағат таңғы 11-ге дейін күткен. Алайда сол кезде рейстің тағы да екі сағатқа кешігетіні белгілі болған. Екі сағаттан соң салонға барған жолаушылар рейстің сағат түскі 2-ге ауыстырылғанын біледі.

Жолаушылардың сөзінше, әуе компаниясының қызметкерлері рейстің не себепті кешіккенін түсіндіре алмаған.

Келіншектердің бірі рейстің кешігуі салдарынан демалыс орнына төлеп қойған 150 мың теңгесінен айырылғанын айтады.

"Біздің туристік агенттіктер ешқандай өтемақы төлеуден, ақпарат беруден бас тартып отыр. Өткені олар бұл өтемақыны "Скаттан" сұрамақ", -дейді ол.

Әуекомпанияда рейстің кешігуін журналистерге "қосымша техникалық қызмет көрсету" қажеттігімен түсіндірді. Өтемақы мәселелері бойынша авиакомпания туроператорға жүгінуге кеңес береді.

Нәтижесінде түнгі екіге белгіленген ұшақ кешкі сағат 5-те ғана ұшты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801040-scat-ue-kompaniasyny-232-zolausysy-nr-sltan-uezajynda-tryp-kaldy-video/

pixel