RU

"Эйр Астана" ұшағы герметизация жүйесінің ақауына байланысты Шымкентке қонды

"Эйр Астана" әуекомпаниясының "Ташкент-Алматы" бағыты бойынша 22 маусымда КС 128 рейсін орындаған ұшағы герметизация жүйесінің ақауына байланысты Шымкент қаласының әуежайына қонды деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне слітеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ұшақ Алматы уақыты бойынша сағат 16:15-те қонды.

Барлық ұшу барысында жолаушылар кабинасындағы биіктік рұқсат етілген нормалардан асқан жоқ

Қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес экипаж жақын әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті. Зардап шеккендер жоқ.

Ақауларды іздеу және жою жүмыстары жүргізіліп жатыр.

Жолаушылар "Шымкент-Алматы" тұрақты рейсімен сағат 22:40-та шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801063-ejr-astana-sagy-germetizacia-zjesini-akauyna-bajlanysty-symkentke-kondy.html