RU

"Сарайға ұқсас қонақүй": Біртанов жастардың жағдайын жасамаған әкімдерге шүйлікті

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов жас дәрігерлердің өте қолайсыз жағдайда күн кешіп жатқаны үшін Ақмола облысының шенеуніктеріне шүйлікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біртанов
Фото: Facebook/ Yelzhan Birtanov: Depositphotos

Целиноград ауданының Қабанбай ауылына жұмыс сапарымен барып келген министр өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында әкімдікті сынға алды.

Ол 22 маусым күні әріптестерімен бірге медициналық кешендер мен ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысын тексеріп қайтқанын алға тартты.

Сонымен бірге, Біртанов бұл сапарында елдімекендегі жас мамандар қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын көрген.

Біртанов
Фото: Facebook/ Yelzhan Birtanov: Depositphotos
"Үш жас дәрігер бір жыл бұрын "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша келген. Олардың ешқайсысы уәде етілген баспанаға қол жеткізбеген! Әкімдер жас кадрлардың қолайлы жағдайда өмір сүруін мүлде қадағаламайды!", - деп жазады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, Біртанов жастарға арналған жатақхананың жай-күйін көріп, жаға ұстағанын да жасырмады.

Біртанов
Фото: Facebook/ Yelzhan Birtanov: Getty Images
«Дәрігерлер сарайға көбірек ұқсайтын қонақүйде тұруға мәжбүр! 7 жылдық оқудан кейін олар ауылға жұмыс істеуге келеді, ал мында жергілікті әкімдік күтіп алады! ... Жастар үшін жұмысқа арналғандай жақсы өмір сүру үшін де жағдай жасалу керек!", – деп атап өтті министр.

Ол "Ауылда жалға берілетін жақсы үй табуға немесе дәрігерлер үшін бөлек үй салуға болмай ма?" деген сұрақ та қойды.

Осы орайда Біртанов аудандық әкімдікке дәрігерлердің тұрғылықты жеріне қатысты мәселені тез арада шешуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801092-sarajga-ksas-konakj-birtanov-zastardy-zagdajyn-zasamagan-kimderge-sjlikti.html