RU

Өзбекстанда 6 қазақстандық азамат апатқа ұшырады: Біреуі көз жұмды

Өзбекстанда қазақстандық алты азамат жол апатына түсіп, біреуі қайтыс болды деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық
Көрнекі фото: ipc.digital: UGC

Жол-көлік оқиғасы өткен түні Ташкент-Термез тас жолында болғаны белгілі болды. Жеңіл автокөлік пен жүк көлігі соқтығысып қалған.

Оқиға салдарынан жеті адам түрлі жарақат алған, олардың алтауы - қазақстандық азаматтар. Отандастарымыздың бірі сол жерде қаза тапқан.

Зардап шегуші жолаушылар медициналық мекемелерге жеткізілген. Жарақат алғандар арасында кәмелет жасына толмағандар да бар.

Қазақстандық дипломаттар жерлестерімізге бар қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Аталмыш факт Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің жеке бақылауына алынған.

Оқиғаның басқа жай-жапсары әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801117-zbekstanda-6-kazakstandyk-azamat-apatka-syrady-bireui-kz-zmdy.html