RU

Арыстағы жарылыстың көктен түсірілген суреті жарияланды (фото)

Әлеуметтік желілерде ұшақ ұшатын биіктіктен түсірілген Арыстағы жарылыстың видеосы жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Суретті Facebook парақшасында Павер Александров жариялаған.

"Бүгін таңертең Арыс қаласының әскери бөліміндегі жарылыс ұшақтан былай көрінді. Қара саңырауқұлақ пішінді түтін бірнеше жүз метр биктікке көтерілді. Сонша күшті не жарылды екен?", - деп жазылды сурет астындағы сипаттамада.

Еске сала кетейік, бүгін 24 маусым күні таңертең Арыс қаласының маңындағы әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар, жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдіріп, құрбандар жоқ екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801213-arystagy-zarylysty-kkten-tsirilgen-sureti-zarialandy-foto.html