RU
"Әлі жарылмаған оқ-дәрілер болуы мүмкін": Арыста саперлар жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

"Әлі жарылмаған оқ-дәрілер болуы мүмкін": Арыста саперлар жұмыс істеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласының тұрғындарына үндеу жасап, қалалықтарға жедел штаб рұқсат бермейінше, үйлеріне оралмауын сұрады. Қазір қалада саперлар жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгерлердің видеосынан скриншот

Куәгерлердің видеосынан скриншот

"Арыс қаласының тұрғындарына ескерту жасағым келеді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жедел штаб рұқсат бермейінше, таяу арада үйлеріңізге оралмауларыңызды сұраймыз.
Арыс қаласының кей аудандарындағы жолда әлі де жарылмаған оқ-дәрілер болуы мүмкін.
Қазір саперлар тобы тазалау жұмыстарын бастады. Жұмыс аяқталғаннан кейін және жарылыс тоқтаған соң барлық тұрғындарға үйлеріне оралуға хабар беріледі", - дейді министр.

Сонымен қатар Ермекбаев қазіргі таңда қала күзет бақылауында екенін және тұрғындарға мүліктері үшін қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

Ол сонымен қатар Арыстағы әскери қызметкерлердің де қауіпсіздігі қамтамассыз етілгенін айтты.

"Үй мен пәтерлер полция мен әскери қызметкерлердің бақылауында. Мүліктің сақталуы жайлы қам жемесеңіздер болады. Тонаушылық пен қарашылық ол жақта болмайды. Әскери қалашық пен арсенал әскери қызметкерлердің бақылауында. Олардың бір бөлігі бункерде, бір бөлігі қорғаныс құралдарымен қамтамассыз етілген. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне кепіл беріледі", - деп мәлімдеді министр.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды. Жарылыс қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Өмірзақ Шөкеев брифингте Арыстағы жарылыс кезінде бір адамның қаза болғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар қаладағы жағдаймен жеке танысу үшін оқиға орнына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі баратыны хабарланды.

Ал Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы төтенше жағдайдан кейін қала аумағында радиация қаупі жоқ екендігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
7
1
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel