RU
Жерлеу рәсімінен демалысты артық көрген бойжеткен жұрттың ашуына тиді

Жерлеу рәсімінен демалысты артық көрген бойжеткен жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде сүйіктісінің анасының жерлеу рәсіміне барудың орнына отбасымен демалысқа кетіп қалғанын айтқан бойжеткен оқырмандардың ашуына тиді. Желі қолданушылары арудың қылығын ерсі көріп, 2 мыңнан астам пікір қалдырды деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vilkaa.ru

Фото: vilkaa.ru

Бойжеткеннің сөзінше, ол екі жыл кездесіп жүрген жігітінің анасы демалысқа бірнеше күн қалғанда көз жұмған. Айтуынша, ару қиын қыстау күндері сүйіктісінің асын әзірлеп, үйін жинап көмектескен.

Алайда ол жерлеу рәсіміне барудан бас тартқан, себебі, дәл сол күні ол демалысқа аттанғалы отырыпты. Жігіті сүйіктісінен демалысқа бармауын сұрап, тіпті, кеткен шығынның жартысын жабуға уәде берген.

Бірақ бойжеткен мұндай ұсынысты қабылдамаған.

Ару жігітінің туысқандарымен қатты жақын болмағаны үшін осылай істегенін айты. Оған қоса бойжеткеннің екі сіңлісі оны Мексикада демалып қайтуға көндірген.

Жігіттің айтуынша, ол сүйіктісіне ренжімеген. Алайда қыздың таңдауы оның көңілін түсіріпті. Қазіргі таңда ғашықтар бірге тұрып жатыр екен.

Желідегілер бойжеткенді таңдауы үшін біраз сынға алды.

"Иә, бір жылда бір рет демалысқа шығуға мүмкіндік болыпты, бірақ ананың өлімі өмірде бір рет болады емес пе. Сүйіктің үшін ең ауыр сәттердің бірі еді, ал сен ойын-сауықты таңдадың", - деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
4
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel