RU
БТА банкінің бұрынғы қызметкерлері өз қорқыныштары жайлы айтты

БТА банкінің бұрынғы қызметкерлері өз қорқыныштары жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Біршама уақыт бұрын Мұхтар Әблязовтің ісі бойынша айыпталудан үрейленіп, шетелге қашып кеткен БТА банкітінің бұрынғы қызметкерлері Қазақстанға оралып, өз қорқыныштары мен қашып жүрген жылдары жайлы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Валерий Налобин, Мұхтар Әблязов и Зәуре Жүнісова. Коллаж: NUR.KZ. МҚІСЖҚІА видеосынан кадрлар және Sputnik.kg

Валерий Налобин, Мұхтар Әблязов и Зәуре Жүнісова. Коллаж: NUR.KZ. МҚІСЖҚІА видеосынан кадрлар және Sputnik.kg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінде өткен брифингте банктің бұрынғы қызметкерлерінің сұхбаты көрсетілді-агенттікте Әблязов өзінің қарамағындағыларды алдымен ақшаны жылыстату мен ұрлауда пайдаланғанын, содан кейін оларды оның сыбайластары қорқыта бастағанын хабарлады.

"Оның нұсқауы бойынша Қазақстаннан адамдарды шығару ұйымдастырылды. Бұл іспен Әблязовтің сенімді тұлғалары айналысты. Ол Әблязовтың қылмыстық әрекеттерін әшкерелейтін айғақтар беруге жол бермеу үшін жасалды.
Аталған тұлғаларға шетелде де қысым көрсетіліп, жағдай қасақана ұйымдастырылып отырған. Оларды Қазақстанға келген сәтте тұтқындалатынын, осылайша көп жылдарға бас бостандығынан айырылатынын айтып, қорқытқан",- деді аса маңызды қылмыстық істерді тергеу департаменті басшысы Сергей Перов.

Бұдан әрі БТА-ның бұрынғы қызметкерлерінің сұхбатынан үзінді келтіреміз.

Жақсылық Жарымбетов- БТА несиелік комитетінің төрағасы:

"Менің ойымша, ол ешқандай оппозиционер де, саясаткер де емес. Оның түпкі мақсаты-жеке пайда.

Ол бір мақсатқа жету керек болса, дос та, жақын адам да болатын. Ал адам өз рөлін атқарып біткен соң жұмыс істеп біткен материал сияқты қарап, салқындап кететін".

Ержан Кәдесов- БТА несие басқармасы басшысының орынбасары:

"Мен тағы басқа жақта жасырынып жүргендерге қайтсын деп кеңес берер едім. Бұл жақта бізге осы уақытқа дейін айтқан еш нәрсе жоқ. Әблязовтің немесе басқа біреудің адамы болған үшін жаншып, талау, азапқа салу сияқты тапсырмалар жоқ".

Зәуре Жүнісова-БТА несиелік басқармасы басшысының орынбасары:

"Менің міндетіме Мұхтар Әблязовпен үлестес компаниялардың несиелерін алу үшін құжаттар пакетін дайындау кірді.

Мен Әблязовтің қылмыстық іс қозғалғаны, адамдарды түрмеге отырғызуы мүмкін екендігі, бұл саяси мәселе болғандықтан елден кету қажеттігі туралы хабарламасын Вероника Ефимова арқылы алдым.

Екі кішкентай балам мен анам үшін алаңдағандықтан, оларды алып, шетелге кеттім.

Артынша біз азғантай көмек алдық, ал негізінде шетелде тұрғанда біз ешқандай қосымша қаражат алмадық. Өмір сүру қиын болды, шамамыз жеткенше өмір сүруге тырыстық".

Валерий Налобин- басқарма директоры- несиелік комитеттің мүшесі:

"Жағдайды барынша шынайы түрде айтып, шын жүректен түсінік бергенім үшін маған банк басшылығы тарапынан өте қатты қысым жасалды.

2010 жылы шыдай алмай, өзім мен жанұям үшін уайымдап, шетелге кетіп қалдым.

Жанұямды көрген жоқпын, үнемі мені тұтқындайды ма деп алаңдап жүрдім. Мен үшін бұл өте ауыр күйзелісті жағдай болды.

2018 жылы қатты шаршап, қайтуға бел будым".

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
0
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel