RU
Байбек алматылықтардың есінде несімен қалды?

Байбек алматылықтардың есінде несімен қалды?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Оңтүстік шаһарды төрт жыл басқарған шенеуніктің қандай істерімен көзге түскенін KAZ.NUR.KZ материалынан оқып біліңіз.

Байбек 1974 жылы 19 наурыз күні Алматы қаласында дүниеге келген. Үйленген, бес баланы тәрбиелеп отыр.

Музыкалық-педагогикалық және сыртқы экономикалық екі мамандығы бар. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Әр жылдары ҚР Президенті хаттамасының бастығы, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

2015 жылдың тамызында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 17 маусымында экс-шенеунікті мегаполис басшысы етіп қайта тағайындады.

Алматы әкімі кезінде Байбек қала тұрғындарының есінде жақтаушылары мен сыншылары бар бірқатар реформалармен есте қалады.

Атап айтқанда, ол бар кезде мегаполисте өмір сүруге ыңғайлы, әсіресе жаяу жүргіншілер үшін қолайлы инфрақұрылым құрыла бастады. Әр ауданда көшелер абаттандырылып, жиектер ауыстырылып, дуалдар бұзылып, арық жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Оның басшылығымен қалада мегаполис көшелерінде басымдыққа ие болған қоғамдық көліктер белсенді түрде дами бастады. Ол тұрғындардың басым бөлігін автобусқа, троллейбус пен метроға, велосипедке отырғызуды жоспарлаған.

2023 жылы заманауи LRT-ны пайдалануға беруді мақсат тұтып, трамвайлардан бас тартты.

Көлік реформасы барысында Алматыда автобус паркін 80%-ға жаңартып, жаңа жол айрықтар салынды, көшелерде қоғамдық көлік пен велосипедтерге арналған жеке жолақтар пайда болды, BRT жобасын іске асырды, ақылы автотұрақтар енгізді, "Оңай" электронды билет жүйесін іске қосты және т. б.

Сонымен қатар, бірқатар проблемалар шешілмей де қалды. Олардың бірі - нашар экологиялық жағдай, атап айтқанда Алматыда жоғары деңгейдегі түтін - басты мәселе болып отыр. Президенттің 2020 жылға дейін ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру туралы тапсырмасына қарамастан, бұл мәселе әлі күнге дейін шешілмеген.

Өз кезегінде Байбек Алматыда әрдайым түтін болған деп есептейді. Айтпақшы, қала басшысы лауазымында ол көптеген жарқын пікірлермен есте қалды.

Бұрынғы әкім Алматыда орташа жалақының 200 мыңнан астам теңгені құрайтынын, ал мегаполис мейрамханаларында тек 500 теңгеге дәм татуға болатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel