RU
БАҚ: Дубай әміршісінің әйелі 40 млн доллармен Еуропаға қашып кетті

БАҚ: Дубай әміршісінің әйелі 40 млн доллармен Еуропаға қашып кетті

Рассказать Вконтакте

Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі, Дубай әміршісі Мохаммед бен Рашид Аль Мактумның әйелі, Хайя бинт аль-Хусейн ханшайым балаларын алып, ірі көлемдегі ақшамен елден қашып кеткен. Бұл туралы mk.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: tass.ru

Фото: tass.ru

Ақпан айынан бері Хайя ханшайымды ешкім көрмеген. Енді ғана БАҚ беттерінде оның қызы мен ұлын алып, 40 млн доллар қаражатпен Германияға қашып кеткені туралы ақпарат пайда болды.

Германияға жете салып, ханшайым баспана алуға құжат тапсырған. Сондай-ақ, заңгерлерге шейхпен ажырасу процессін бастауды тапсырған.

Басылым мәліметінше, ханшайымның әрекеті Германия мен Біріккен Араб Әмірлігінің арасында дипломатиялық дағдарыс тудырып отыр.

Қазір Шейх Германиядан 45 жастағы ханшайым мен жеті жасар ұлы Заидты және 11 жастағы қызы Аль-Джалиланы қайтаруды талап етуде. Ал босқындарды жіберуден бас тартқан Германия оларды күзетпен қорғап отыр.

Хайя ханшайымның сөзінше, ол Ұлыбритания билігіне сенбегендіктен Германияға қашуды ұйғарған.

Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін елден шейхтың қызы Латифа бинт Мухаммед Аль Мактум ханшайым да қашпақ болған. Кей деректерге сәйкес, ол ұсталып, Біріккен Араб Әмірлігіне қайтарылған.

Сіздің реакцияңыз
3
9
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel