RU
Атамбаев "ескі элитаға" қарсы митингке шықпақ
Жаңалықтар Калейдоскоп

Атамбав Бішкекте өтетін Митинге қатысатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 3 шілде күні Бішкекте өтетін бейбіт митинге шығатынын мәлімдеді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Алмазбек Атамбаев. Фото: president.kg

Алмазбек Атамбаев. Фото: president.kg

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Қырғызстанның бұрынғы басшысының жақтастары "Медиафорум" ғимараты алдында акция өткізуді жоспарлауда.

Олар биліктен "ескі элита кетіп, жаңа лидерлер келуін" талап етпек.

27 маусымда Жогарку Кенеш Алмазбек Атамбаевтың экс-президент мәртебесін алып тастап, құқық қорғау органдарына оған қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік берді.

Басылымның мәліметінше, осының алдында Атамбаевтың жақтастары Қой-Ташта халық штабы құрылатынын жариялаған. Олар осы күнге дейін Атамбаев тұратын үйдің аумағында орналасқан.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің кеңесшісі Айбек Азыранкулов та Атамбаевтың үйіне келіп, қолдау білдіретінін мәлімдеді.

Ол сәуір айында отставкаға өтініш бергенін жеткізді.

"Бәрі заң аясында болуы тиіс. Халық наразылығын көріп отырмын. Мен 2006 жылдан бері Социал демократиялық партиямен біргемін. Біз бәріміз бір үлкен команданың мүшесі болдық", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel