RU
Ақтөбеде екі жастағы бала сегізінші қабаттан құлап, мерт болды

Ақтөбеде екі жастағы бала сегізінші қабаттан құлап, мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің бірінде сегінші қабаттан екі жастағы бала құлап кетіп, қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: Pixabay

Көрнекі фото: Pixabay

Қайғылы жағдай 30 маусым күні сағат 14:23-те болған. Қаладағы 12 шағын мөлтек ауданында тұрғын үйдің 8 қабаттан екі жастағы бала құлап түскен. Бүлдіршін оқиға орнында қайтыс болды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті қайғылы жағдайдан кейін ата-аналарға сақ болуларын ескертеді.

"Көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерін балалар құламауы үшін арнайы құрылғылармен жарақтауларын ұсынады. Жаздың ыстық күндері ашық тұрған терезелер балалар үшін аса қауіпті аймақ болып табылады. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар көп жағдайда маскитті торларға сүйеніп, өздернің қызығушылығы салдарынан қазаға ұшырып жатады. Баланы қараусыз қалдыруға болмайды",-дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel