RU
Мамандандырылған ХҚО-дағы ұзын-сонар кезек тұрғындардың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

Мамандандырылған ХҚО-дағы ұзын-сонар кезек тұрғындардың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бүгін қалыпты деңгейде жұмыс істеп тұрған жоқ. Ел тұрғындары олардың қызметтері көп уақытқа созылып жатқандығын айтты. Белгілі болғандай, ұзын-сонар кезек, жүйедегі кемшілік салдарынан орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Таңнан бері Майлин көшесіндегі мамандандырылған ХҚО-да жүрміз. Көлікті есепке тіркеуге өтініш берген болатынбыз. Өтінішті 10.15-те қабылдап алды. Қазір сағат 16.50 болды. Әлі жауап жоқ. Күні бойы бір ғана жауап "күтіңдер" деп айтуда. Адамдар тіпті өзінің құжаттарын қайта ала алмауда", - деді алматылық Асиф Яздигани.

Бүгінгі күні Ішкі істер министрлігі жүргізген реформаға сәйкес елдегі тіркеу және сараптама бөлімшелері жабылып және мамандандырылған ХҚО-да тіркеу және тексеру бөлімшелері таратылып жатқаны белгілі болды.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қоғамдық қатынастар департаментінің директоры Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

"Енді көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру туралы құжаттар электронды өтініштер бойынша мемлекеттік органмен қашықтан қарастырылады.
Алайда, осы өзгерістерге байланысты Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерінде проблемалар туындады, соның салдарынан мамандандырылған ХҚО-да ұзын-сонар кезектер пайда болды", - деді ол.

Сондай-ақ, Жұманбай қазіргі уақытта жүйедегі мәселелер қайта қалпына келгенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel