RU
"Пәктігі көрініп тұр": Биімен желіні жарған ақтөбелік қызға өлең арналды
Жаңалықтар Қоғам

"Пәктігі көрініп тұр": Биімен желіні жарған ақтөбелік қызға өлең арналды

Рассказать Вконтакте

Мектеппен қоштасу кешінде Әбдіжаппар Әлқожаның биіне билеп, желіде танымал болған ақтөбелік бойжеткенге өлең арналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Биғали Шоман есімді желі қолданушысы "Биші қызыма" деген өлеңін Facebook парақшасында жариялады. Бүгінде танымал парақшаларда тарала бастаған өлеңде қалың көпшілік қуана қабылдап, кейіпкер Сабина Батеноваға ақ жарма тілектерін жаудырып жатыр.

Биші қызыма

Сабина атты қызым бар Ақтөбеде,

(Биді өзіне аруым шақ көре ме?!)

Белгісі бар алтыннан түлек екен,

Шығарамын мен оны қақ төріме!

Қуанғаны, сірә да, шаттанғаны,

Биді өлтірді, бірақ ол мақтанбады.

Жұлдыз болып кенеттен шыға келді,

Жатқанында мектептен аттанғалы.

Көрініп тұр пәктігі келбетінен,

Сәбилігі нұр шашты жер бетіне.

Сәбиімді айыптай көрмеңізші,

Жаңа өмірге ұшпақ ол ел шетінен.

Жерде қалмас білімді жас түлегім,

Бата бердім, қызыма бақ тіледім!

Сәбинадай әр түлек білім алса,

Шаттанамын, мәз жүрем, шат күлемін!

Аман жүрсін әмәнда ақ түлегім!

Өз кезегінде, желі қолданушылары түлекке сәттілік тілеп, пікір қалдырған.

"Сүйкімді сұлу, ел алдында билеу де батылдықты білдіреді, бақыт тілеймін", "Жолың болсын, аман жүр қызым!", "Сүйкімді қыз, жолы ашық болсын әрдайым", "Аман жүр, қазақтың ақ маңдай ару қызы!!!", "Тамаша қыздарымыздың жүзінен күлкі кетпесін" , - деп жазған желі қолданушылары.
Биші қызға өлең арнаған ақынға да лебізін білдіргендер табылды. "Керемет! Қаламыңыз әдемі балапандарымыздың сүйкімді қылығын жазуга арналсын!" , - деп жазған оқырмандардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, "Алтын белгі" иегері Сабина Батенова мектеппен қоштасу салтанатында билеймін деп, танымал болған. Видеода оны білім саласының шенеунігі мен тәртіп сақшысының қуып жүргенін байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
4
33
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel