RU
"Денем түршігіп кетті": ТЖК басшысы қаңырап қалған Арыста көрген сұмдықтарын айтты

"Денем түршігіп кетті": ТЖК басшысы қаңырап қалған Арыста көрген сұмдықтарын айтты

Рассказать Вконтакте

Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы Владимир Беккер Арыста не болғанын өз көзімен көргенін айтады. Ол 24 маусым күні жарылыс басталған соң бірнеше сағаттан кейін Қорғаныс министрімен Арысқа ұшып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Валерий Сурганов

Фото: Facebook/Валерий Сурганов

Бүгінгі өткен брифингте ТЖК басшысы Арыстағы жағдайдан қандай әсер алғанын айтты.

КӨЗДЕРІНДЕ ҮРЕЙ БАР

"Мен бұл жақтан сағат 13:00-де Қорғаныс министрімен бірге арнайы бортпен ұшып кеттім. Тікұшақпен ұшып келдік. Бізді әскерилер күтіп алды. Көздерінде үрей бар, барлығы оқ өтпейтін кеудеше, қорғаныс бас киімін киген. Біз де оқ өтпейтін кеудеше мен қорғаныс бас киімін киіп, тікелей ошаққа жылжыдық.

Ол кезде жарылыстар болып жатты. біз құрышпен қапталған танкеткамен қаланы, аумақты аралап, әскери бөлімді де айналып өттік.

Осы уақытта әскерилер ештеңені тастап, қашып кеткен жоқ. Онда қарулар, автоматтар (снарядтар мен оқ-дәрілерден басқа) болды. Ал әскери қызметкерлер осы заттарды сақтап, күзету шараларын қабылдады", - дейді Беккер.

БҰЛ ҒАЖАЙЫП- АУАҒА 400-ДЕН АСА ЦИСТЕРНА ҰШЫП КЕТУІ МҮМКІН ЕДІ

ТЖК басшысы картада үш қойма-үш арсенал, артиллериялық-атқыштар, инженерлік миналар және тағы бір қойма бар екенін айтады.

"Бірінші қоймада өрттен кейін 193 арнайы сақтау орындары жарылып, тек сегізі аман қалған. Ал үш шақырым жерде инженерлік қаруландыру қоймасы болған. Онда тағы екі сақтау орнының күлі көкке ұшты.

Қоймалардың маңында темір жол торабы бар. Ол жерде түрлі заттар бар 460 цистерна орналасқан. Олар ғажайыптың арқасында жарылмай қалды.

"Цистерналардың жарылмай қалғаны нағыз ғажайып деуге болады. Әйтпесе, жағдай мүлде нашар болар еді. Осындай алапат қирау болды, саперлер аймақтан 12 мыңнан аса қалдық тапты. Соған қарамастан, тек үш адам қаза тапты. Бұл нағыз ғажайып, түсінесіздер ме?", - деді ол.

Беккердің сөзінше, қаза тапқан екі әскери қызметкер жарылыстың ошағында болған. Ал тағы бір азамат жамбасынан жарақат алып, көз жұмған. Ауруханаға жеткізілген 50-ден аса адамның ішінде балалар да бар. Олардың қатарында жағдайы өте ауыр азаматтар да жоқ емес.

ДЕНЕМ ТҮРШІГІП КЕТТІ

"Мұндай ауқымды қирау-оны көру керек. Шатырсыз, әйнексіз, терезесіз қалған қала. Бұл ретте адамдар екінші фактілерден де зардап шегуі мүмкін – шыны блоктар ұшып кетті, сымдар үзілді.
Біз Қорғаныс министрімен қаланы қарап шықтық. Онда желі 110 киловольт болды, темір-бетонды бағаналар екіге бөлініп кеткен, сымдар жерде жатыр. Біз 30 метр арақашықтыққа дейін жақындап, ары қарай қимылдамадық. Өйткені, сымға тиіп кетсең, өртеніп кетуің мүмкін", - деді Беккер.

ТЖК басшысы арыстықтар мұндай жарылыстар мен жедел эвакуациядан шок алғанын айтады.

"Әрине, эвакуациядан адамдар қатты шок алды. Әркім мүмкіндігінше қашуға тырысты. Біреулер жаяу қашты, жүк көліктеріне отырды, ал өрт сөндіру қызметкерлері көлік төбесіне адамдарды отырғызды. Асыра сілтеп отырған шығармын, бірақ бәрі Пәкістандағыдай көліктің үстінде отырды.
Біз қалаға кірген соң онда үш күн болдық. Халық қайта оралғанша Арыста бірнеше рет жүріп өттік. Сынған терезелер, перделер, түнде жарық жоқ. Қалада адам жоқ деген ойдан денем түршігіп кетті", - деп бөлісті ол.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
10
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel