Выйти
RU

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған бірқатар жалған ақпараттардан кейін бас прокуратура халыққа үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: eivf.org

Фото: eivf.org

Бас прокуратурада Арыс қаласының 350 тұрғынының жоғалғаны, қалада экологиялық қолайсыз жағдай туындап, қайта жарылыс болу мүмкін деген жалған ақпарат эвакуацияланғандар арасында үрей тудырып, Шымкентте заңсыз акциялар өткізуге себепші болғанын айта кетті.

Қазіргі уақытта аталған фактілер тергелуде.

Сонымен қатар, Бас прокуратурада жаңа валюта -"алтын" енгізілетіні туралы жалған хабар таратылғандығын да еске салып өтті.

Одан бөлек, жұртшылықты дүрліктірген тағы бір жалған хабарламада ШҚО-да басқа мемлекеттердің азаматтарына жер сату туралы айтылған.

Қадағалау ведомствосы қазақстандықтарды жалған ақпарат тарату секілді заңсыз іс-әрекеттерден бас тартуға шақырады және барлық қазақстандықтардың заңмен қорғалатын ақпаратты еркін алуға және таратуға құқығы бар екенін еске салады.

Бас прокуратура азаматтардың қажетті ақпаратты түсіндіру және алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы екенін атап өтті. Егер сұратылған деректер шектеулі қолжетімділікке ие болмаса, онда оларға міндетті түрде жауап беріледі.

"Тек мемлекетке, қоғамға және азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіруі мүмкін, жалған, экстремистік және басқа да құқыққа қарсы ақпаратты таратуға тиым салынады.
Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын әрбір факті бойынша Қылмыстық кодекстің 274 - бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп атап өтті ведомствода.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады