RU
Ақтөбеде дәретхана болған жерді үй қылып тұрып жатқандар жанайқайын айтты (фото)

Ақтөбеде дәретхана болған жерді үй қылып тұрып жатқандар жанайқайын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде бірнеше отбасы апаттық үйде жандарын шүберекке түйіп отыр. Айтуларынша, биліктен көмек сұрап шаршаған. Кезінде жатақхана болған жердің әр бөлмесі бір үй болып сатылып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Қазір тұрғындар бұрын жуынатын және әжетхана болған орынды үй қылып, тұрып жатыр. Аядай ғана бөлмені баспана деп айтуға ауыз бармайды. Жылуды реттеп отыратын бөлменің едені ортасына түсіп кеткен. Жылу құбырларының өзі шіріп тұр. Үйдің айналасы толған әжетхана.

"Мен бұл үйді алғаныма алты жыл болды. Қолымызда құжатымыз бар. Үйдің 75 пайызы апаттық жағдайда. Қыста жылуы жоқ, темірді ағашпен қаптай салған. Мұнда 25 жылдан бері тұрып келе жатқандар бар. Бұл кезінде вахтамен жұмыс істейтіндерге уақытша салынған үй екен. 11 шаршы метр жерді алты баласымен үй қылып отырғандар бар. Сол жерде тамақ істейді, ішеді, жуынады, ұйықтайтын жерлері де сол.
Тамақты газ балонда жасаймыз. Өрт тисе 10 минутта жанып кетеміз. Қате аяқ астынан, Аллаға сыйынып қана отырмыз. Қыста үйде жылу болмайды. Осы жаққа келіп жағдайымызды көрген әкімдерден бір күн бізбен бірге тұрып көруді сұрадық",- дейді тұрғын Алмагүл Әбентаева.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Бұл жерде тұратындардың дені - аз қамтылған отбасылар. Жесір келіншектер мен көпбалалы аналар өлместің күйін кешіп отыр.

"Бұл үйде кім тұрады?! Әрине жесір келіншектер мен мүгедектер. Өзім жесірмін, 10 жылдан бері баламды жалғыз асырап отырмын. 30 мың теңге жалақыға күн көріп отырмыз. Кейде ол ақшаны да кешіктіріп береді. Бұл жер жатақхана боп тұрған кезде іште әжетхана да, жуынатын бөлме де болған.
Қазір олардың бәрі бір үй болып тұр. Мына жердегі 11 шаршы метр жерде алты адам тұрады. Ол кісінің әйелі, інісі және үш баласы бар. 1989 жылғы университетті қызыл дипломмен бітірген қызы жүйке ауруымен ауырады. Ол кісі еш жерден көмек сұрамайды, ешкімге сенбейді. Әбден қажып кеткен", - дейді Ләйлә Ысқақова.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тоқтары төбеден салбырап тұрған баспананы жас мұғалім де паналап отыр. Баспанада төтенше жағдай тіркелсе тоқты ажырататын қондырғы да істен шыққан.

"Өзім мұғалім болып жұмыс істеймін. Жолдасым, екі ұлыммен осы жерде тұрамыз. Үйіміз 11 шаршы метр. Пәтер жағалап жүрмейік деп екі жыл бұрын 650 мың теңгеге сатып алған болатынбыз. Өз үйіміз деп жөндеу де жасадық. Бірақ көктемде барлығын шайып кетті. Ылғал болған кезде тарақан қаптап кетеді.
Қазір балаларды ауылға беріп жібердім. Газ балон жағып отырмын. Жағдайым осы. Ұйықтайтын жеріме тамақ ішемін, сол жерге суға түсемін, тамағымды да сол жерде дайындаймын. Ыстық кезде мына жерге сыймай кетеміз. Бәрінің жағдайы осы, әр үйде үш-бес баладан", - дейді Гүлжайна Беркімбайқызы.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал қалалық әкімдік өңірде 16 баспананың апаттық жағдайды тұрғанын айтады.

"Егер тұрғын үй апаттық деп танылған жағдайда тұрғындары баспана кезегіне тұра алады. Қала бойынша апаттық деп танылған 16 үй бар. Қазір солар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мердігер компаниялармен келісім шарт жасалып, үй салуға жер беріп жатырмыз.
"Жастар құрылыс" компаниясы қызығушылық танытып, Чекалина көшесі бойындағы үй тұрғындарымен келісім шарт жасалуда. Тағы да қосымша мердігер компаниялар шақырылады", - дейді қалалық тұрғын үй қатынастар бөлімінің бас маманы Асхат Душкенов.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
4
3
5
11
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel